Астана қаласының әкімдігі ауыз суда «А» гепатитінің таяқшасы бар деген сыбыстарды жоққа шығарды
Акимат Астаны опроверг слухи о палочке гепатита А в питьевой воде 31.05.2017

«Тасқынға байланысты суда А гепатиті мен дизентерияның анықталғанына байланысты тек қайнатылған су ішіңіздер. Тіпті жемістерді де, тістеріңізді де қайнаған сумен жуыңыздар.

 Ақпарат расталған))). Бүгінде олар санитарлық-эпидемиологиялық станцияда қоршаған ортаның эпидемиологиясы туралы куәлік алдық, онда ескертілді !!!», — деп хабарламада жазылған.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және «Астана су арнасы» МКК бұл хабарды ресми түрде жоққа шығарып, азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды.

Ақпарат шындыққа жанаспайды.

— Су құбыры суының сапасы «Астана су арнасы» МКК және «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» кәсіпорындарының ведомостволық зертханаларының қатаң бақылауында. Астана қаласының сорғы – сүзгі станциясында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде: су хлорланады, коагуляцияланады, тұндырылады, сүзетін материалдың көмегімен сүзіледі және қайта хлорланады. Су құбыры суының сапасы өңдеудің барлық кезеңдерінде бақыланады. Ауыз суға қойылатын негізгі талаптары ол эпидемиологиялық қатынастағы қауіпсіздік, токсикологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік, жақсы органолептикалық көрсеткіштер мен шаруашылық қажеттіліктерге жарамдылығы болып табылады. Сараптамалардың нәтижелері бойынша ауыз судың барлық параметрлері МемСТ және санитарлық ережелерге сай келеді, - деп «Астана су арнасы» МКК хабарлады.

Онымен қоса Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мамандары бас қаладағы өткір ішек инфекциялары, А вирустық гепатиті және энтеровирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалауда, сумен жабдықтау объектілерімен ешқандай байланыс жоқ деп ақпарат беруде. Ведомство мамандары мамыр айы бойы жоспарлы кезекте судың 156 сынамасын зерттеді, оның ішінде:

— Ашық су қоймалары мен қала субұрқақтарынан алынған 57 сынамасына зерттеу жүргізілді, сәйкес келмейтін сынамалар табылмады;.

— 2 бассейн суының сынамаларынан, сәйкес келмейтін сынамалар табылмады;.

— Су тарату желісінен ауыз судың 97 сынамалары, сәйкес келмейтін сынамалар табылмады.

Одан бөлек, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен «Астана су арнасы»  ШЖҚМКК бірлесуімен бақылау нүктелерінен судың сынамаларын іріктеп алу арқылы күнделікті зертханалық бақылау жүргізілуде

Қазіргі уақытта Астана қаласының ІІД жалған хабар туралы мәлімдеме жіберілді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиісті зиянкестің жеке басын анықтау бойынша тергеу басталды.

http://www.inform.kz/ru/akimat-astany-oproverg-sluhi-o-palochke-gepatita-a-v-pit-evoy-vode_a3031204