Астана маңына шіркейлердің қаптауы елорда тұрғындарын шошытты
Нашествие мошек близ Астаны напугало жителей столицы 05.06.2017

Интернет пайдаланушыларының бір-біріне жіберген бейнежазбада автор ұшатын жәндіктердің көпшілігін түсірген. Камераның артындағы дауыс Астана қаласының маңында түсірілуде деп мәлімдейді

Бұл бейнежазбаға Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді. Сарапшылардың пікірінше, бұл құбылыс жәндіктердің пайда болуына аймақтағы су тасқыны мен дымқыл ықпал етуінен болған.

"Негізінде, бізде бұл мәселе шынымен де маңызды емес, бұл тек су тасқыны мен ылғалдың салдарынан болған маусымдық мәселе. Артықшылық жоқ, барлығы басқару деңгейлерінің шегінде", - деп хабарлады Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Айнагүл Мусина.

Ол қазіргі кезде жәндіктермен күресу үшін қосымша қаражат бөлу мәселесі шешілуде деп атап өтті.

"Қазір бұл іс-шараларды жүргізуге қосымша қаржыландыруды бөлу мәселесі шешілуде.

ЭКСПО-ға дайындық кезеңінде, Щучинск-Боровой курорттық аймағына жаппай сапармен келу жоспарланып отырғандықтан, біз қонақ үйлермен, шетелдік туристердің тұрғылықты жерлерімен түсіндірме жұмыстар жүргіздік, енді меншік иелері өз есебінен өңдеу жүргізетіндігі туралы келісімшарттар бекітілуде", - деді Айнагуль Мусина.

Сонымен қатар, маман, жәндіктердің адам үшін қауіпті еместігін атап өтті.

"Біздің аймақ эндеметикалық емес. Безгек, қызба ауырулары бар аймақтар болады, бірақ біздің облыс тасымалданатын жағдайлар болмаса оған жатпайды. Шіркейлерге байланысты жұқпалар бізде анықталмады. Егер аллергиялық реакциялар болмаса басқа ешқандай қатер жоқ", - деп ол хабарлады

Айгуль Мусинаның айтуы бойынша, шіркейлерді жою бойынша қосымша іс – шаралар келесі аптада өткізіледі, ал әзірге ол жәндіктерден өздігінен шара қорғануды ұсынды. 

"Дәріханаларда жеткілікті репелленттер сатылады: майлар, аэрозольдар. Табиғатқа шығатын болсаңыз, мойыны жабық киімдерді кию немесе москит торларын қолданыңыз", - деп ол сөзін аяқтады.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nashestvie-moshek-bliz-astanyi-napugalo-jiteley-stolitsyi-3196...