Абайлаңыз, кенелер: Алматы облысының ең қауіпті аудандары анықталды
Осторожно, клещи: Выявлены наиболее опасные районы Алматинской области 12.06.2017

Зерттеулер Алматы облысының аумағында Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр, Талдықорған және Текелі аудандары эндемикалық болып табылатындығын көрсетті. Жыл сайын мұнда кене энцефалитімен 10 оқиға тіркеледі.

Кене энцефалитін жұқпасының алдын алу үшін сарапшылар профилактикалық шараларды сақтауға кеңес береді.

Ең алдымен, кенелердің өрмелеп кіруіне жол бермейтін бейімделген киімді, сонымен қатар дененің ашық тұстары мен киімді өңдеуге арналған үркітетін (тізе, тобық және кеуде тұсындағы дөңгелек жолақтар түріндегі) репелленттерді пайдалану. Егер қарапайым киімдер пайдаланылса, онда ол ашық түсті және дененің ашық жерлерін жабуы керек; бас киім қажет, ұзын шашты да жасырып алу керек.

Кене энцефалитін ауруы екпе арқылы алдын алынады.

Дегенмен, бұл келесі шарттар орындалатын болса ғана көмектеседі:

1. Екпе маусымның басталуына дейін бірнеше ай бұрын (әдетте ақпан айында) жүргізіледі;

2. Екпені үнемі жасаған жөн - жыл сайын.

Айта өтсек, Қазақстанда жыл сайын 8-ден 11 мыңға дейін адам кененің шағуына және эндемикалық аумақтарда 6-дан 8 мыңға дейін адам медициналық ұйымдарға барады. Шағып алғандардың 30% - 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы алғанда, 2016 жылы 11356 адам емдеу мекемелеріне кене шағу себебімен келді, оның ішінде 10 443 (92%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды.

http://bnews.kz/ru/news/ostorozhno_kleshchi_viyavleni_naibolee_opasnie_raioni_almatinskoi_oblasti