Қарағанды облысының мектеп асханаларында санитарлық нормаларды бұзу анықталды
В школьных столовых Карагандинской области выявили нарушения санитарных норм 14.06.2017

Шет ауданының Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері Жарық орта мектебінің асханасында, Ж. Ақылбаев атындағы экспериментальды мектеп-гимназиядағы асханада және Шет ауданының орталық ауруханасының ас әзірлейтін бөліктерінде тексеру жүргізді.

Комиссия санитарлық-эпидемиологиялық тексеру барысында бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, ауруханадағы асханаларда және ас әзірлейтін бөлімінде заңнаманың талаптарын сәйкестік туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар болмады. Оқушылар мен аурухана пациенттерін тамақтандырған кәсіпкерлер тендерлер негізінде асхананы жалға алған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты қаулы рәсімдеді.

«Шет аудандық соты жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік істерді қарады. Олар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабы 1-бөлігінің бұзушылары ретінде танылды және 25 айлық есептік көрсеткіш бойынша әкімшілік айыппұл салынды, яғни 56 мың 725 теңге көлемінде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Барлық кәсіпкерлер кінәсін мойындады және таяу уақытта заң бұзушылықтар болмаған жағдайда тиісті рұқсаттама қағазды беретін тексеру комиссиясын шақыруға уәде берді.

Заңға сәйкес, жалдаушылар жарлық күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде айыппұл төлеуге міндетті.

http://www.dknews.kz/lifestyle/134-health/26506-v-shkolnykh-stolovykh-karagandinskoj-oblasti-vyyavil...