Алматыда зертханалық жануарларды ұстауға арналған Виварий ашылды
Виварий для содержания лабораторных животных открылся в Алматы 08.02.2018

Алматы қаласының "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалында зертханалық жануарларды ұстауға арналған жаңа виварий ғимаратының құрылысы аяқталды. 

Зерттеу кешені 2 секциядан тұрады - жалпы ауданы 12.5 шаршы метр санитарлық блок пен изолятор.

Бүгінгі таңда виварийде 6 қоян мен 30 тышқан бар, олар мамандардың үздіксіз бақылауында.

Виварий зертхананың маңызды бөлігі болып табылады, онда тұрмыстық химия тауарлары мен парфюмерлік-косметикалық өнімдерге келесі көрсеткіштерге арналған сынамаларды зерттеу жүргізіледі:

  • теріні тітіркендіретін әрекеттер;
  • сенсибилизациялық әрекеттер
  • көздің шырышты қабаттарына әсер ету;
  • тері-резорбтивті әрекеттер.