Құрметті қазақстандықтар!
Дорогие казахстанцы! 20.03.2018

Сіздерді бірлік, бейбітшілік пен жаңдану мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата-бабаларымыз жыл басы – Наурызды кіршіксіз тазалықпен, ақ ниет шынайы пейілмен қарсы алса, жыл бойы жақсылық жасалады, ауру-сырқау аулақ жүреді деп түсінген. Бұл барша қауым жақсылық пен мейірімділік күтетін, араздасқандар тауласатын, өкпе-реніш кешірілетін күн.

Ғасырлық дәстүрлер қазіргі уақытқа дейін сақталып келгендігі қуантады. Ұлыстың Ұлы күні ұлты, нәсілі, діни көзқарастарына қарамастан еліміздің тұрғындары жаппай көктем жылуына қуанып, бір-бірін құттықтап, үлкен ақ дастарханның басында жиналады.

Бұл күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілейміз. Ұлыстың Ұлы күні жанұяларыңызға  бақ-береке мен жылулық әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметпен,

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК