ҰСО-ның жетекші мамандары кәсіпкерлерге өндірістік бақылау мен санитариялық гигиенаның маңыздылығы туралы айтты
Ведущие специалисты НЦЭ рассказали предпринимателям о важности производственного контроля и санитарной гигиены 13.06.2018

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының мамандары "Атамекен" Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасы алаңында 20-дан астам шағын және орта бизнес кәсіпкерлерлерімен,  ірі компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ "Атамекен" Қарағанды облысының ҰКП-нің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында, ҰСО-ның қызметкерлері қазақстандық тауар өндірушілерін зертханалық қызметпен таныстырды, Филиал іске асыратын қызметтердің барлық түрлерін ұсынды, сондай-ақ тауарларды сараптау және инфекциялық, паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау мәселелерін талқылады. Ол клиникалық-диагностикалық зерттеулер, медициналық тексеру, гигиеналық оқыту, өндірістік бақылау, жұмыс орындарын аттестаттау, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсету, желдету жүйесін және ауа бөлгіш құбырларын  тазалау тақырыбына қатысты мәселелер.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар мұнан былай екі жақтық ынтымақтастықты дамытуға уәделесіп, өзара әңгіме құрғаны және құнды ойлармен алмасқаны  үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.