Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханалары эпидемиологиялық маусымға дайын
Вирусологические лаборатории НЦЭ подготовлены  к эпидемиологическому сезону гриппа 26.09.2018

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде тұмау мен ЖТВЖ  бойынша эпидемиологиялық маусымға елдің әзірлік деңгейі талқыланды.

Селекторлық кеңес барысында ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Бас директоры Балықбаев Қ.О. тұмау мен ЖТВЖ зертханалық диагностикалауы үшін ҰСО барлық вирусологиялық зертханаларының дайын  тұрғанын хабарлады.

Тұмау мен ЖТВЖ зертханалық қадағалау шеңберінде және  эпидемиологиялық мағынасын ашу мақсатында 16 вирусологиялық зертханалар іске қосылды, олардың 9 шолу эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде (стандартты белгілері бар науқастарға үздіксіз эпидемиологиялық және зертханалық мониторинг), әдеттегі қадағалау жүйесінде 7 (емдеу-алдын алу мекемесіне келген барлық науқастарға мониторинг).

Балықбаев Қ.О. айтуынша вирусологиялық зертханаларын мамандармен толықтыру 99,2% құрайды. 2018 жылы тұмаудың зертханалық диагностикалау бойынша 12 маман оқытылды (5 дәрігер, 7 зертханашы).

Сондай-ақ, Санкт-Петербург қаласында тұмаудың Ғылыми-зерттеу институты базасында тұмаудың молекулярлық генетикасын диагностикалаумен айналысатын зертханашы дәрігер оқытылды.

Сонымен қатар, алдағы эпидмаусымда 7 филиалдарға жұмысты бағалау және вирусологиялық зертханаларға көмек көрсету бойынша мониторингтік сапарлар  жоспарланып отыр.

Тұмау және басқа тыныс жолдарының вирустық жұқпаларын зертханалық диагностикалау БДҰ ұсынысына сәйкес  басымды әдіс полимеразды тізбектік әсер ету (ПТӘ) әдісі болып табылады. Осы әдіспен зерттеулер жүргізу үшін тұмау мен ЖТВЖ тест жүйе сатып алынды, қазіргі кезде Орталықтың барлық филиалдарына жоспарлы жеткізу жүргізілуде.

Қортындыларды беруді тездету мақсатында толықгеномды секвенаторды сатып алу жоспарланып отыр, ол үшін Астана қ.   зертханасында үйжайлар дайын тұр.

Сонымен бірге, моральдық ескерген құралдар мен жабдықтар қатарын жаңарту жүргізілуде. Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында, зерттеулердің ПТӘ жүргізу үшін төрт амплификатор сатып алынды, сатып алу кезеңінде Астана қ. және Ақтөбе облысының зертханалары.

«2018 жылғы 01 қазаннан бастап бүкіл ел бойынша  тұмау және басқа тыныс жолдарының вирустық жұқпаларына зертханалық  мониторингі басталды. Зертханалық зерттеулер деректер ұсынумен тұмау вирусының биологиялық сипатын әрі қарай зерттеу және вирусқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау үшін тұмау вирусы штаммдарын топтастыру бойынша апта сайын мониторинг өткізіледі» -деді Қанат Балықбаев.

Мәлімет үшін:

Вирусологиялық зертханалар науқастың ауыр түрлерімен байланысты вирустарды анықтауға қоса ауқымды вакциналық штаммды іріктеу процесіне көмек көрсетіп отырады.

Зертханаларда вакциналық штаммның, вирустың вируленттілігі тиімділігіне немесе оның вирустық препараттарға сезімталдығына ықпал ететін вирустық тұмаудың мутациясы немесе генетикалық реассортациялауына мониторинг жүргізіледі.

Мысалы, өткен эпидмаусымда вирустық тұмаудың биологиялық сипаты зерттелді,  олардың БДҰ ұсынған вакциналық штаммдарға ұқсастығы және вирусқа қарсы препараттардың сезімталдығы анықталды.

Жыл сайын тұмауға оң болған үлгілер Аталант, АҚШ зертханаларына жіберіледі. Мысалы, 2014 жылы 144 үлгілер жіберілді, оның 100 % расталды. Оның үстіне, қазақстандық штаммдар зерттелді, вирусқа қарсы препараттарға қарсы сезімталдығы және БДҰ ұсынған референттік штаммдармен салыстырмалы сипаттамасы жүргізілді.