Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) метрология және техникалық қызмет көрсету бөлім бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа метрология және стандарттау саласында бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Сынақ жабдықтарын тексеру, өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету кестелерін жасау;
2. Зертханалық жабдықтарды жөндеуге байланысты іс-шараларды жүргізу;
3. Сатып алынатын жабдықтардың техникалық ерекшеліктерін жасау;
4. Өлшеу құралдарының, сынақ жабдықтарының есебін жүргізеді;
5. Нормативтік құжаттар қорын жаңарту және толықтыру;
6. Жабдықтың ақаулығы туралы актінің негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді есептен шығаруға, уақытша консервациялауға, қабылдауға хаттамалар жасауға қатысу
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қостанай қаласы, Әль-Фараби данғылы, 113, мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 18.00-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7142) 56-92-72