Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Ақсу қалалық бөлімшесінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Филиалдың Ақсу қалалық бөлімшесінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсы туралы куәлігі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметіндегі тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық лауазымдардағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1. Зертханаға басшылық жасайды, зертхананың техникалық және әкімшілік жетекшісі болып табылады.
2. Зертхананың тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, ұйымның басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
3. Зертхананың жұмыс жоспарларын құрады, сынамалар мен ақпаратты қабылдау бөлімімен бірлесіп зертханалық зерттеулердің көлемін жоспарлайды.
4. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістерін зерделейді.
5. Өз құзыреті шеңберінде жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер мен өлшемдердің әдістемесін және зертханалық қызметке байланысты басқа да жұмыстарды сынақтан өткізеді және практикаға енгізеді.
6. Келіп түсетін үлгілерге зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және оған қатысады.
7. Қауіпсіз жұмыс жағдайларын ұйымдастырады және зерттелетін материалдардың қауіпсіз зерделенуін, қозғалысын, сақталуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
8. Басқарудың жаңа экономикалық әдістерін пайдалана отырып, тиімді қаржы-шаруашылық қызметті, есептік-есеп беру құжаттамасының жүргізілуін, медициналық әдептің, кәсіпорынның есеп саясатының, ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларының, өрт қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігінің, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Кәсіпорынның талаптарына сәйкес зертхананың бюджеттік өтінімін құрады және келіседі. Мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінім дайындайды.
10. Зерттеулер жүргізуге және зерттеу нәтижелерін беруге қатысады, зерттеулердің және мамандар жұмысының сапасын ішкі бақылауды жүзеге асырады.
11. Бөлімше қызметкерлерінің ішкі және сыртқы оқулары бойынша жеке карточкаларын жүргізеді, мамандардың бірін-бірі алмастыру мүмкіндігін ескере отырып, ішкі оқу графиктерін құрады. Зертханалық жабдықтарды, бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтайды.
12. Білуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының Конституциясын;
• Филиал туралы ережені;
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін;
• Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
• «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын;
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және өзінің қызметіне және Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және құқықтық актілерін.
• Қазіргі заманғы басқарушылық қызметтің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;
• Кеден одағы бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
• Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын;
• Филиалдың ішкі қызметін реттейтін құжаттаманы;
• Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, биологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс) мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Аймауытов көшесі, 2/5.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 03 қараша сағат 18:00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8 7182 22 44 20