Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Маркетинг және коммерциялық қызмет департаментінің қоғаммен байланыс секторының баспасөз хатшысының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Маркетинг және коммерциялық қызмет департаментінің қоғаммен байланыс секторының баспасөз хатшысының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына «Қоғаммен байланыс», «Журналистика» мамандықтары бойынша, сондай -ақ филология, психология, саясаттану және халықаралық қатынастар сияқты гуманитарлық мамандықтар бойынша жоғары білімі бар, жетекші лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) медиа-рилейшнз, БАҚ өкілдерімен жаңа байланыстарды қолдау және орнату;
2) Кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және тарату (электронды пошта арқылы пресс-релиздерді дайындау және тарату);
3) БАҚ үшін Кәсіпорын қызметіне байланысты хабарламалар дайындау, мәтіндік материалдар жазу;
4) келісімдерге сәйкес Кәсіпорын оқиғалары туралы хабарламалардың шығарылуын бақылау;
5) ресми іс -шараларға, баспасөз конференцияларына, брифингтерге, БАҚ өкілдерімен Кәсіпорын басшылары мен басқа қызметкерлерінің сұхбаттарына журналистердің қатысуын ұйымдастыру;
6) жедел ақпараттық -анықтамалық жұмыс - Кәсіпорын қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауап дайындау;
7) журналистерге басылым, теледидар/радио хабар үшін материалдарды жинауға және дайындауға көмек;
8) Кәсіпорын қызметі туралы жарияланған ақпараттың сенімділігін тексеру;
9) түсіндірме хаттар мен теріске шығаруларды (қажетіне қарай) дайындау;
10) Кәсіпорынның ресми интернет-сайтындағы «Жаңалықтар» бөліміне материалдар дайындау;
11) бұқаралық ақпарат құралдарына Кәсіпорынның Баспасөз қызметінің қызметі бойынша мониторинг жүргізу.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 19 тамыз сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.