Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Маркетинг және сараптама қызметі бөлімінің маманы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Маркетинг және сараптамамлық қызмет департаментінің маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар маркетинг бойынша қосымша оқытумен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Бейінді кәсіптік білімі жоқ, бірақ маркетинг саласында 5 және одан да көп жыл білімі, іскерлігі мен дағдысы, практикалық тәжірибесі бар, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы және толық көлемде орындайтын адамдар комиссияның ұсынымы бойынша тиісті арнайы дайындығы және жұмыс өтілі бар азаматтар сияқты лауазымдарға тағайындалады.

Қызметтік міндеттері:

  1. Кәсіпорынның жалпы стиліндегі филиалдарда одан әрі бақылаумен және үйлестірумен тұтынушыларға қызмет көрсететін кіреберіс топтарды, ішкі үй-жайларды, қызметкерлердің сыртқы түрін, кеңсе тауарларын, фирмалық бланкілерді және тұтынушылар көзбен көретін басқа заттарды жобалау бойынша жұмыстарды жүргізу;
  2. ақылы қызмет көрсету бөлігінде филиалдардың сипаттамаларын өзгерту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  3. Кәсіпорынның ағымдағы, ұзақмерзімді және стратегиялық даму жоспарларын және маркетингтік іс-шараларын әзірлеу, іске асыруды үйлестіру және бақылау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  4. филиалдардың маркетингтік қызметінің нәтижелерін және оларға әсер етуші факторларды талдау бойынша жұмыс жүргізу;
  5. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және басқа да жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпарат дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыру;
  6. барлық филиалдардың маркетингтік қызметін жедел ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  7. Кәсіпорынның және филиалдардың жарнамалық қызметінің барлық түрлері бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  8. Кәсіпорынның тауар белгісін дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу;
  9. Кәсіпорынның ақылы қызмет көрсетуден түсетін кірісті арттыруға әсер ететін жаңа жобалары бойынша жұмыстарды жүргізу;
  10. ақылы қызметтер көрсету тәртібіндегі барлық елеулі өзгерістер бойынша жұмыстарды жүргізу;
  11. тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша филиалдар үшін стандартталған жарнамалық позицияларды орталықтандырылған сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізу;
  12. филиалдардың тендерлерге, конкурстарға және т.б. қатысуын, сондай-ақ Кәсіпорын атынан тендерлерге қатысуын бақылау бойынша жұмыстарды жүргізу;
  13. прейскуранттағы барлық өзгерістер бойынша жұмыстарды, соның ішінде. ұсынылған жеңілдіктер бойынша;
  14. Кәсіпорын деңгейінде ірі клиенттермен (бас кеңселер, қызмет көрсету көлемі бойынша) шарттар жасасу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  15. маркетингтік зерттеулер бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
  3. фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;
  2. тестілеу;
  3. сұхбаттасу өткізу;
  4. конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 9 наурыз сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.