Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қарағанды облысы бойынша филиалдың Осакаров аудандық бөлімшесі бастығының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалы Осакаров аудандық бөлімшесі бастығының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары санат.

Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Лауазымдық міндеттері:

Құрылымдық бөлімшеге басшылық етуді жүзеге асырады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы бөлігінде органның құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты және тиімді әрекеттесуді ұйымдастырады. Қабылданатын шешімдерге, мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына жауапты болады. Қызметтің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Зертханалық қызметтің жаңа әдістерін енгізуді және қолданыстағыларды жетілдіруді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адам денсаулығына, оның мекендеу ортасына қолайсыз әсер етудің басым себепшарттарын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Өз құзыреті шегінде гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалардың, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімдерін дамыту бойынша жұмысты қамтамасыз етеді. Құрылымдық бөлімшенің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде облыс көлемінде жұмыстың нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың сақталуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 18 сәуір сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7212) 50-57-16