Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыру және жүргізу.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімі бухгалтерінің бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің бас бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті даярлық бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Бас бухгалтердің лауазымдық міндеттеріне: Филиалдың қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу кіреді; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығындар сметасының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіпте ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс; бухгалтерлік есеп және экономика бөлімі қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасау; бөлім қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 27 сәуір сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.