Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қостанай облысы бойынша филиалының құқықтық кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Кәсіпорын) құқықтық, кадр жұмысы және Мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: құқықтану саласындағы жоғары білім- экономикалық, құқықтық, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі саласында 1 жыл

Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы заңнамасы мемлекеттік сатып алуды реттеу.

Лауазымдық міндеттері:    тауарларды (жұмыстарды, қыхметтерді) сатып алуды ұйымдастыру, жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеу, Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру, процедураны толық қамтамасыз ете отырып, сатып алу тапсырыстары

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен беріледі). Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің құқықтық кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманын лауазымға тағайындау. Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған)

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 04.05.2022 ж. 18-00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72