Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қостанай облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы құқықтық, кадрлық жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

Біліктілік талаптары: құқықтану саласындағы жоғары білім, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, немесе офистік жұмыс саласында 3 жыл

Лауазымдық міндеттері: филиал және бөлімше қызметкерлерінің жеке құрамының есебін, Т-2 жеке карточкаларын, әскери есебін жүргізу; ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды ресімдеу; қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізу; қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты кәсіпорын персоналы туралы деректер банкіне енгізу; демалыс кестесін, қызметкерлердің еңбек өтілі хаттамасын ресімдеу; филиал қызметкерлеріне консультация беру; бұйрықтарды тіркеу журналдарын жүргізу; жұмыс уақытын есепке алу табельдерін; жоғары тұрған ұйымдардың сұрауларына жауап беру; еңбек өтілін растау анықтамаларын беру; кадрлар бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді жасау; жеке құрам бойынша бұйрықтарды, негізгі қызмет бойынша басшының бұйрықтарын, демалыстарды, іссапарларды күнделікті ресімдеу, 1С Кадры

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы, құжаттардың көшірмелері,  ғылыми жарияланымдар,  бұрынғы жұмыс орны  басшылығының  ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбат жүргізу;

4) сайыстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының  2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған).

Құжаттар жұмыс күндері:  сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі  2022 жылдың 04 мамыр, сағат 18.00

Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72