Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

«Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекциялық орталық» кәсіпорны филиалы директорының орынбасары бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы мамандыққа сәйкес сертификатының болуы; "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші санатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Қызметтік міндеттері:

  1. Филиал бөлімшелері мен мамандарының қызметін үйлестіреді.
  2. Филиалдың жұмыс жоспарларын әзірлейді және қалыптастырады, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органымен, мекемелермен және бөлімшелермен іс-шаралар мен олардың орындалу мерзімдерін келіседі.
  3. бағдарламалық құжаттардың уақтылы орындалуын, жоғары тұрған ұйымдардың сауалдарына жауап беруді бақылауды қамтамасыз етеді.
  4. Филиал директорының бұйрықтарының, тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылайды.
  5. Филиалдың іс-шараларының, жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді, олардың орындалуына талдау жасайды.
  6. Филиалдың және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызмет көрсеткіштеріне талдау жасайды.
  7. Алқаларға, семинарларға, дезинфекциялық кеңестерге және т.б. материалдарды ұйымдастырады және дайындайды. Отырыстар мен жиналыстардың анықтамаларын, шешімдерін (қаулыларын) және хаттамаларын дайындайды және ресімдейді.
  8. Филиал негізгі қызметі бойынша лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу және басқа да рұқсат құжаттарын алу үшін материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
  9. Мемлекеттік тапсырысты орындауға, басқа да өндірістік қызметке, заманауи технологияларға, инновацияларға, мамандардың жұмысын ғылыми ұйымдастыруға қатысты Филиал жұмысын жақсарту жөнінде директорға ұсыныстар енгізеді.
  10. Бөлім басшыларынан және жауапты орындаушылардан директорға қажетті өндірістік қызмет туралы аңықтамаларды және басқа материалдарды, сондай-ақ Филиал директорының бұйрықтарының, нұсқаулары мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты талап етеді.
  11. БАҚ-пен жұмыс жасайды, Филиал веб-сайтының мазмұнын толықтыруын бақылайды, пресс-релиздерді дайындайды, медициналық және гигиеналық білімді насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады.
  12. Азаматтық қорғаныс жөніндегі және төтенше жағдайлар болғанда филиалдың жұмысын басқарады.
  13. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, ауру және т.б.) оның міндеттерін орындайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 

  1. тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
  3. фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;
  2. тестілеу;
  3. сұхбаттасу өткізу;
  4. конкурс қорытындысын шығару;
  5. тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 3 маусым сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.