Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Шемонаиха аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғары медициналық білімі және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Қызметтік міндеттері:
1. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес бактериологиялық зерттеулерді уақтылы және білікті жүргізеді:
2. Өскемен қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерін зерттеу нәтижелері туралы уақытылы хабардар етеді.
3. Микробиологиялық зерттеулердің жаңа әдістемелерін үнемі меңгереді, оларды уақытылы жұмысқа енгізеді.
4. Филиал бөлімшелерінен орындалған зерттеулер туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады.
5. Зертханашылардың жұмысын, диагностикалық зертханалық рәсімдерді жүргізудің, құрал-саймандарды, аппаратуралар мен жабдықтарды пайдаланудың, реактивтерді ұтымды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды, әдістемелік көмек көрсетеді.
6. Зертханалық бактериологиялық зерттеулердің сапасын зертханаішілік және сыртқы бақылауды жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
7. Белгіленген ережелерге сәйкес медициналық және өзге де құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді.
8. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың жылдық және перспективалық жоспарларын жасауға қатысады.
9. Өскеменнің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп топтық инфекциялық аурулар мен тамақтан улануларды кешенді тексеруге қатысады.
10. Өскеменнің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп емдеу-алдын алу мекемелерін кешенді тексеруге қатысады.
11. Микробиологиялық зерттеу әдістері бойынша семинарлар өткізуге және олардың нәтижелерін бағалауға қатысады.
12. Белгіленген нысан бойынша атқарылған жұмыс туралы есептер жасайды.
13. Өз жұмысының нәтижелерін талдайды.
14. Музей мәдениеттерін бақылауды жүзеге асырады.
15. Қоректік ортаның сапасын зарарсыздығына, биохимиялық, өсу, саралау, тежеу қасиеттеріне тексереді.
16. Мамандығы бойынша өзінің білімін жүйелі түрде арттырады.
17. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелерінің бактериологиялық зертханаларының жұмысына бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Практикалық көмек көрсетеді.
18. Өскемен және ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жедел бөлімдерінің қызметкерлерімен, емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлерімен зертханаға сынама алу және жеткізу бойынша жүйелі түрде нұсқама жүргізеді.
19. Ішкі тәртіп, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды және зертхананың регламенттелген жұмыс режимін, филиалда белгіленген еңбек тәртібін сақтайды.
20. Шұғыл жаппай зерттеулер жүргізу үшін директордың, директор орынбасарының, филиал зертханасы меңгерушісінің нұсқауы бойынша дереу жұмыс орнына келеді.
21. Медициналық этика және жалпы моральдық-этикалық нормалар талаптарын сақтайды.
22. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыстарды басқарады және зертхананың регламенттелген жұмыс режимін қамтамасыз етеді.
23. Бактериологиялық зерттеулерді жүргізудің преаналитикалық, талдамалық және станалиттік кезеңдерін бақылайды.
24. Ұйымның биологиялық қауіпсіздік бағдарламасының орындалуын ұйым басшылығымен және ұйым бөлімдерімен бірлесіп бақылайды.
25. Бактериологиялық зертхана үшін биологиялық қауіптерді басқару бағдарламасын әзірлейді, енгізеді және үйлестіреді.
26. Директордың орынбасарымен және сапа жөніндегі менеджермен бірлесіп биологиялық қорғауды күшейту жөніндегі шараларды әзірлейді.
27. Ұйымның стандарттарын және биологиялық қауіпсіздік талаптарын және оларды сақтау және қолдау жөніндегі шараларды регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды персоналдың сақтауын бақылайды.
28. Зертхананың көмекші және техникалық персоналын қауіпсіз жұмыс істеу және биологиялық тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдеріне оқыту бағдарламасын әзірлейді және бақылайды.
29. Биологиялық қауіптерге алдын ала бағалау жүргізеді және оның негізінде зертханада БА-мен қандай да бір жұмыстарды жүргізу мүмкіндігіне рұқсат береді.
30. Зертханадағы биологиялық қауіптердің тұрақты мониторингін жүзеге асырады, мониторинг нәтижелері бойынша ұйым басшысына ұсыну үшін есеп жасайды.
31. Биологиялық қауіпсіздіктің жаңа стандарттарының пайда болуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, биологиялық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуін үнемі қадағалайды және осы ақпаратты барлық мүдделі тұлғаларға жеткізеді.
32. Ұйым басшысына ұсыну үшін анықталған сәйкессіздіктерді және оларды жою жөніндегі шаралар кешенін көрсете отырып, инспекциялық тексерулердің нәтижелері бойынша тұрақты есеп жасайды.
33. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 13 қаңдарда, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61