Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының қызметтер маркетингі бойынша жетекші менеджер бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызметтер маркетингі бойынша жетекші менеджер бос орын лауазымына конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызметтер маркетингі бойынша жетекші менеджер бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары немесе техникалық және кәсіптік медициналық, экономикалық немесе маркетинг саласындағы қосымша мамандандырылған білім, 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Қызмет көрсетуге тапсырыс берушілермен жұмысты үйлестіру, ақылы қызмет көрсетуге келісім – шарттар жасау, сметаларды жасау, шот – фактураларды беру, шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалуын бақылау және шот – фактураларды төлеу.  

2) Тұтынушылардың сұраныстары негізінде баға ұсыныстарын беру. Заңы тұлғаларға ақылы қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес беру. Телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесу және басқа да байланыс құралдары арқылы тұтынушыларды тарту жұмыстарын жүргізу.

3) Қызмет көрсету көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды жүргізу, келісімдер мен келісім шарттардың бизнес -жоспарлары мен коммерциялық шарттарын әзірлеуге және орындауға қатысу. Жасалған шарттар бойынша тұтынушылардың шағымдарын талдау жұмыстарын жүргізу.

4) Бизнес-жоспардың орындалуы бойынша жылдық, тоқсандық, айлық және апталық есептерді дайындау. Жаңадан жасалған келісім -шарттар бойынша мәліметтерді бағдарламаларға уақытылы енгізу.

5) Деректерді қадағалау, талдау және сақтау үшін маркетингтік ақпараттық жүйені құру.    

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 22 қаңтар сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71