Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының кадрлар бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Кадрлар бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қоймай Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. ұйымды қажет етілетін кәсіптегі, мамандықтағы және біліктілікті жиынтықтау бойынша жұмысты орындайды;

2. кадрларды жұмысқа қабылдау, іріктеу, орналастыру бойынша жұмысқа қатысады;

3. ұйымның және оның бөлімшелері персоналының лауазымдарын және кәсіби біліктілік құрылымын, кадрларды есепке алу жөніндегі, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек жолы және жұмыстан босатуға байланысты белгіленген құжаттаманы, аттестациядан өткізу нәтижелерін және кадрларға ағымдағы және перспективадағы қажеттілікті айқындау мақсатында олардың іскерлік қасиеттерін бағалауды зерделеуді және талдауды жүргізеді;

4. бос лауазымдарға орналасу және жоғарылату жөнінде ұсыныстар дайындайды;

5. кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру көздерін анықтау, оқу орындарымен тікелей байланыстар, ұқсас саладағы ұйымдармен байланыс орнату және ұстап тұру үшін еңбек нарығын зерделеуге қатысады;

6. ұйым жұмыскерлерінбос лауазымдар туралы хабардар етеді;

7. еңбек жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады;

8. жас мамандарды және жас жұмысшыларды оқу орнында алған кәсібіне және мамандығына сәйкес орналастыруды және орналастырып қоюды қамтамасыз етуді, олардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;

9. жаңадан қабылданған жұмыскерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады;

10. персоналды дамыту, іскерлік мансапты жоспарлау, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалауға қатысады;

11. біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссиялардың жұмысын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады;

12. еңбек тәртібінің жай-күйін және ұйым қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің тәртібін орындалуын, кадрлардың қозғалысын талдайды, тұрақтамауды төмендету және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

13. қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, олардың қазіргі және өткен еңбек жолы туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшалары мен өзге құжаттарды сақтау және толтыру тәртібін сақтауды, кадрлар жөніндегі өзге де белгіленген құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ұйым персоналы туралы дерекқорға тиісті ақпарат енгізуді бақылайды;

14. 1С, ЗУП, СУР, ЕСУТД бағдарламаларында жұмыс және белгіленген есептілікті жасайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-ден бастап 12:30 сағатқа дейін жүргізіледі, және 14:00 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін мына мекен-жай бойынша: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б ш/а, 46 ғимарат, 1 қабат, кадр маман кабинеті.

Құжаттарды қабылдауды аяқтау: 18:00 сағат. 2026 жылғы 12 ақпан.

Телефон арқылы анықтама: 8 705-582-01-81