Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Ақпараттық технологиялар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына информатика, байланыс, техникалық, ақпараттық жүйелерді басқару мамандықтар бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) Серверлердің, компьютерлердің, перифериялық жабдықтардың, Филиал жергілікті желісінің және ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс барысында туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау;
2) қажетті мәліметтерді дайындайды және ақпараттық жүйелер мен оның жекелеген кезеңдері мен ішкі жүйелерін жобалауға техникалық тапсырманы дайындауға, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеуге қатысады;
3) пайдаланушыларды тіркейді, идентификаторлар мен құпия сөздерді тағайындайды. Пайдаланушылар тізімін және олардың қол жеткізу құқықтарын тікелей басшысымен келістіреді;
4) пайдаланушылар үшін шектеулерді белгілейді: а) жұмыс станциясын немесе серверді пайдалану бойынша; б) ресурстарды пайдалану дәрежесі бойынша;
5) Филиалдың ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды жедел қолдауды жүзеге асыру, пайдаланушыларды Филиалдың ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге үйретеді
6) деректердің көшірмелерін және сақтық көшірмесін уақтылы жасайды;
7) жүйедегі компьютерлік вирустарға жүйелі түрде тексеру жүргізеді;
8) бөгде ұйымдардың мамандармен желілік жабдықты орнатуын қадағалайды.
9) компьютерлік желіге мониторинг жүргізеді, желінің инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
10) ақпараттық желідегі жұмыс тәртібін және ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттарды сақтауды бақылайды;
11) желіні теріс пайдалану жағдайлары және қабылданған шаралар туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды;
12) ақпараттық жүйелердегі ақаулар мен бұзушылықтардың себептерін зерттейді, оларды жою және алдын алу, ақпараттық жүйелердің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
13) стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді, дербес компьютерлерді және Филиалдың әртүрлі перифериялық жабдықтарын орнату, баптау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
14) аппараттық және бағдарламалық ақауларын жедел жою бойынша, вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату және Филиалдың антивирустық деректер қорын жаңарту бойынша жұмыстарды іске асыру және ұйымдастыру;
15) бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге және барлық қажетті техникалық құжаттаманы дайындауға қатысу;
16) басқарманың ағымдағы және перспективалық міндеттерін орындау;
17) өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау.
Филиалдың құрылымдық бөлімшелері техникалық қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде олардың жергілікті электронды желіде тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Маман міндетті:
1) Филиалдың жергілікті желісін қолдау және кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
2) Филиалдың ақпараттық жүйелерінің, компьютерлік техникасының және перифериялық жабдықтарының үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастырады.
Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін қажетті компьютерлік, көшірме және басқа электрондық кеңсе техникасымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде Маман міндетті:
1) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің компьютерге, көшірме-көбейту және басқа да электрондық кеңсе техникасына қажеттілігін талдау және қорыту бойынша жұмыстарды жүргізу;
2) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын автоматтандыру үшін қажетті техниканың сапасы, саны, құрамы және конфигурациясы бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
3) есептеуіш, көшірме-көбейту және басқа да электрондық кеңсе техникасын пайдаланушылардың пайдалану ережелерін сақтауына іріктеп бақылауды жүзеге асыру.
Филиалды телефонмен және басқа электрондық байланыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде Маман міндетті:
1) Филиалға байланысты ұйымдастыруда техникалық көмек көрсетуге және кеңес беруге;
2) телефон жабдығын түпкі пайдаланушыларға қосуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-ден бастап 12:30 сағатқа дейін жүргізіледі, және 14:00 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін мына мекен-жай бойынша: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б ш/а, 46 ғимарат, 1 қабат, кадр маман кабинеті.
Құжаттарды қабылдауды аяқтау: 18:00 сағат. 2026 жылғы 13 ақпан.
Телефон арқылы анықтама: 8 705-582-01-81