Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Қарасай аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

1. Филиалдың Қарасай аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғарғы медицина білімі мен санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. Өз ерекшелігі бойынша филиалдың Қарасай аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар, еңбек заңнамасы; Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру; Статистика халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер; халықтың денсаулық жағдайын бағалау критерийлері мен көрсеткіштері, зерттеудің социологиялық әдістері; физикалық факторларды зерттеу мен өлшеудің микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық әдістері; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері; санитарлық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру

Лауазымдық міндеттері:

1) халыққа уақтылы және сапалы зертханалық қызметтер көрсету бойынша жұмысты және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

2) гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, Санитариялық қағидалардың, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

3) бөлімшенің рұқсат құжаттарын (қорытындысын, лицензиясын) алуға жәрдемдеседі;

4) нормативтік және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бөлімше алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

5) зертханалардың қызметін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен үйлестіреді;

6) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін кешенді тексерулерге, объектілерге жоспарлы шығуларға қатысады;

7) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде санитариялық-гигиеналық, радиологиялық зерттеулерді, аспаптық өлшемдерді, шу мен дірілді, электромагниттік өрістерді, адамның мекендеу ортасының басқа да факторларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сынақтарды уақтылы жүргізеді, зерттеу хаттамаларын береді және қол қояды;

8) сынақ жабдығы мен өлшеу құралдарының жай-күйін, нормативтік құжаттамада белгіленген сынақ әдістерінің талаптарына дәлдік дәрежесінің сәйкестігін, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің уақтылы жүргізілуін қадағалайды, сынақ жабдығының уақтылы тексерілуін қадағалайды;

9) зертхана жүргізетін өлшеулер мен сынақтарды талдау нәтижелерінің дұрыстығын үйлестіреді және жүргізеді, сапаны сыртқы бағалауды (ББК) үйлестіреді және жүргізеді;

10) міндетті номенклатура бойынша зертханалық-аспаптық зерттеулердің жаңа әдістемелерін енгізуді жүргізеді;

11) зертханалардың жұмыс жоспарына сәйкес зертхана персоналына ішкі техникалық оқу жүргізеді;

12) сынамалардың санитариялық-гигиеналық зертханаға жеткізілуіне жәрдемдесуді және бақылауды жүзеге асырады;

13) химиялық реактивтердің, прекурсорлардың, шығыс материалдарының дұрыс сақталуын және ұтымды пайдаланылуын, материалдарды есепке алуда шығыс нормалары мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

14) зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер жүргізудің жиынтық жоспарын, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық зертхананың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының жоспарын жасайды; 

15) Бөлімшенің уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді;

16) Бөлімшенің жұмыс жоспарының және объектілерді зертханалық зерттеу жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

17) Бөлімше меңгерушісінің нұсқаулары мен өкімдерін орындайды;

18) Бөлімшенің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді;

19) енгізілетін стандарттардың талаптарына сәйкестігіне аккредиттеуден өту үшін материалдарды ұйымдастыруға және дайындауға қатысады, сондай-ақ аккредиттеу рәсімінен сәтті өткен кезде кейінгі жоспарлы бағалаудан өтуді жоспарлайды;

20) ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғаудың, Өндірістік санитарияның, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың талаптарын орындайды.

21) жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды салық органына уақтылы ұсынады, кейіннен декларацияны филиалдың кадр қызметіне тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады;

3.2. Бақылау мен орындауды жүзеге асырады:

  • құжаттарды, бөлім меңгерушісінің тапсырмаларын, филиал сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы орындау.
  • құжаттаманы ресімдеу тәртібін сақтай отырып, тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару бойынша есептерді Филиалдың бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне уақтылы ұсыну;
  • БҚЕБК бағдарламасын дұрыс толтырғаны үшін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00 - ден 17.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 13 ақпан сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (727 72)2 05 71