Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос орын лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасын және кәсіпорынның қызметін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысын ұйымдастыруды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

2. Құжаттаманы жүргізеді: сынамаларды қабылдауды тіркеу журналын толтырады.

3. Тапсырыс берушілерге сынамаларды іріктеу әдістері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

4. Жеке және заңды тұлғаның тапсырысы бойынша ақылы негізде

іріктеу және қабылдау (сыртқы ортадан үлгілер, сынамалар) жүргізеді.

5. Адамдардан биоматериалдарды іріктеу мен қабылдауды жүргізеді.

6. Сынамаларды қабылдау рәсімін сынамаларды іріктеу критерийлеріне және ілеспе құжаттарды ресімдеу талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

7. Тізбеге сәйкес құжаттардың болуын тексереді. Ұсынылған құжаттардың тізбесі толық болмаған жағдайда мамандар төтенше жағдайлар (адамның инфекциялық ауруларының өршуінен, жаппай уланудан, химиялық және радиациялық шығарындылардан) туындаған жағдайларды қоспағанда, сынамаларды қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдай алады.

8. Ілеспе құжаттардың ресімделу дұрыстығын (Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қаулы, сынама алу актісі, клиникалық материалдарға зерттеу жүргізуге жіберу), оның ішінде ілеспе құжаттарда көрсетілген жазбалардың (жоспарлы, жоспардан тыс, мониторинг), сынама нөмірлерінің дұрыстығын тексереді.

9. Ілеспе құжаттарда сынама алу әдісіне НҚ болуын тексереді.

10. Сынамаларды іріктеу актісіне және ілеспе құжаттарға сәйкес сынамаларды сәйкестендіруді жүргізеді: контейнерлерді, штативтерді және қаптаманы бүтіндігіне және пломбалардың, таңбалаудың болуына қарау, сынаманың сапасын, сынаманың салмағына немесе мөлшеріне сәйкестігін тексеру.

11. Сынаққа келіп түскен сынамалардың санын мемлекеттік немесе өзге де тапсырыстың тиісті күнтізбелік жоспарында көрсетілген сынамалардың санымен салыстырады.

12. Сынамалардың сәйкессіздігі актісі негізінде шешім қабылдайды.

13. Сынамаларды (үлгілерді) сынақ жүргізуге, оның ішінде мемлекеттік, шарттық және жеке тапсырыстарды орындау шеңберінде зертханаға жібереді.

14. Сынақ хаттамасын береді.

15. Тапсырыс берушіден, оның ішінде Кәсіпорынның зертханаларынан КДБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратады.

16. Филиалда белгіленген ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік, еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 16 ақпан сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71