Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ КСЭК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджердің бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджері бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

2. Филиал бөлімшелерінің есепті деректерді орындауының дұрыстығын жинақтау және бақылау;

3. Зертханалар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша деректерді жинақтау және облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдауға қатысу, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және ақылы қызметтер бойынша ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын ай сайынғы талдау;

4. Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жүйелеу және деректерді жинақтау, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

5. Филиал зертханасында сыртқы орта объектілерінен сынамаларды жеткізудің жылдық жоспар-кестесін орындау бойынша деректер жинағы;

6. Мемлекеттік тапсырыс бойынша (зерттеулер мен ақшадағы қызметтер Тарификаторы бөлінісінде) және филиалдың ақылы қызметтері бойынша зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялық қызметтер көлемінің жоспарының орындалуы бойынша бір жылға арналған деректер жинағы;

7. Зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары тұрған және мүдделі ведомстволарға талдамалық анықтамалар, ақпараттар, жауаптар дайындауға қатысу;

8. Зертханалық іс бойынша филиал бөлімшелерінің қызметіне жыл сайын, тоқсан сайын және ай сайын талдау жүргізуге қатысу, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

9. "Зертханалық зерттеу жүйесі" және "бірыңғай ақпараттық портал" (БЖТ)бірыңғай кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жинағын жүзеге асыру;

10. Тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп зертханалық зерттеулердің, аспаптық өлшеулердің, Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтердің жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс жоспарын дайындауға жәрдемдесу;

11. Құзыреті шеңберінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.;

12. Бөлім бастығымен бірлесіп зертханалық кеңестің отырыстарын, тақырыптық жұмыс кеңестерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

13. Филиалдың зертханалары мен бөлімдері бөлінісінде атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есепті жасау және жинақтау;

14. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

15. Жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде және патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелермен өзара іс қимыл жасау кезінде биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;

16. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік саясатын және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сақтау;

17. Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

18. Медицина қызметкерлерін кәсіби даярлаудың және үздіксіз кәсіби дамытудың тиімді жүйесін құруға қатысады, Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

19. Функцияларды жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған құпия ақпаратты сақтайды;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026  жылғы 24 ақпан сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71