Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология бойынша инженер бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология бойынша инженер бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары: Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология бойынша инженер бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, тиісті кадрлар даярлау саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. өндіріс шығаратын өнімдердің сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған әзірлеуді, өндіруді, сынауды және пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

2. жаңа өлшеу техникасын енгізудің перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларына және экономикалық қызмет түрі, өлшеу құралдары мен әдістері бойынша метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларына ұсыныстар дайындауға, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, оның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін арттыру жөніндегі шараларды дайындауға және іске асыруға қатысады;

3. өлшем түрлері бойынша жергілікті салыстырып тексеру схемаларын жасайды, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілейді және оларды жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді;

4. ұйымда әзірленетін және өзге ұйымдардан түсетін конструкторлық және технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптаманы, стандартталмаған өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды жүзеге асырады;

5. өлшеу құралдары мен әдістерін таңдау жөніндегі жұмысты жүргізеді, оларды орындау әдістемелерін әзірлейді;

6. арнайы мақсаттағы өлшем құралдарын жобалауға және әзірлеуге техникалық тапсырмаларды дайындауға, ұйым шығаратын өнімді аттестаттау мен сертификаттауға дайындауға, өнімнің жаңа түрлеріне сынақтар жүргізуге, сондай-ақ технологиялық режимдердің бұзылу себептерін, өнімнің ақауын, шикізаттың, материалдардың, энергияның өндірістік емес шығындарын және өлшем, бақылау және сынау құралдарының жай-күйіне байланысты өндірістегі өзге де ысыраптарды талдауға қатысады;

7. күрделі өлшеу құралдарын, технологиялық жабдықтардың белгіленген дәлдік нормаларына сәйкестігін тексеруді, технологиялық процестер мен өнімді сынау барысында күрделі өлшеулерді, сондай-ақ дәлдікті бағалау және өлшеу құралдары мен әдістерін таңдау мәселелері бойынша ұйым бөлімшелері арасындағы келіспеушіліктерді шешумен байланысты өлшеулерді жүргізуді жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша қорытындылар дайындайды;

8. мемлекеттік стандарттарды, экономикалық қызмет түрі бойынша стандарттарды, ұйым стандарттарын және өлшем дәлдігін регламенттейтін өзге де нормативтік құжаттарды енгізуге қатысады;

9. өлшеудің жаңа әдістері мен құралдарын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді жүргізеді;

10. ұйым бөлімшелерінің өлшем құралдарына қажеттілігін айқындайды, оларды сатып алуға жиынтық өтінімдер жасайды;

11. өлшеу құралдарын монтаждау, орнату және қолданудың жай-күйі мен дұрыстығына, ұйымға жаңадан келіп түскен өлшеу құралдарын техникалық қабылдауға міндетті бақылауды жүзеге асырады;

12. өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделейді;

13. метрология мәселелері бойынша стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысады;

14. өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер жасайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, 47/1  мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 24 ақпан, сағат 17:30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 50-79-79.