Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджер бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджер бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджер бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары медициналық білімі (санитариялық-эпидемиологиялық/медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) не өзге де жоғары білімі (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық), тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1. Зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

2. Филиал бөлімшелерінің есепті деректерді орындауының дұрыстығын жинақтау және бақылау;

3. Зертханалар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша деректерді жинақтау және облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдауға қатысу, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және ақылы қызметтер бойынша ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын ай сайынғы талдау;

4. Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жүйелеу және деректерді жинақтау, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

5. Филиал зертханасында сыртқы орта объектілерінен сынамаларды жеткізудің жылдық жоспар-кестесін орындау бойынша деректер жинағы;

6. Мемлекеттік тапсырыс бойынша (зерттеулер мен ақшадағы қызметтер Тарификаторы бөлінісінде)және филиалдың ақылы қызметтері бойынша зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялық қызметтер көлемінің жоспарының орындалуы бойынша бір жылға арналған деректер жинағы;

7. Зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары тұрған және мүдделі ведомстволарға талдамалық анықтамалар, ақпараттар, жауаптар дайындауға қатысу;

8. Зертханалық іс бойынша филиал бөлімшелерінің қызметіне жыл сайын, тоқсан сайын және ай сайын талдау жүргізуге қатысу, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйымның жұмыс нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау;

9. "Зертханалық зерттеу жүйесі" және "бірыңғай ақпараттық портал" (БЖТ) бірыңғай кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жинағын жүзеге асыру;

10. Тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп зертханалық зерттеулерге, аспаптық өлшеулерге, Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтерге мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы жоспарын дайындауға жәрдемдесу;

11. Құзыреті шеңберінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.;

12. Бөлім бастығымен бірлесіп зертханалық кеңестің отырыстарын, тақырыптық жұмыс кеңестерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

13. Филиалдың зертханалары мен бөлімдері бөлінісінде атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есепті жасау және жинақтау;

14. Жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды салық органына уақтылы ұсыну, кейіннен декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін филиалдың кадр қызметіне ұсыну;

15. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

16. Жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде және патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелермен өзара іс қимыл жасау кезінде биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;

17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік саясатын және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сақтау;

18. Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 24 ақпан сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.