Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) радиологиялық зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Радиологиялық зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғарғы медициналық білімі мен санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес радиологиялық зерттеулерді уақтылы және білікті жүргізеді:
2. Радиологиялық зерттеулердің, дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің жаңа әдістемелерін үнемі меңгереді, оларды уақытылы жұмысқа енгізеді.
3. Филиалдың орындалған зерттеулер туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады.
4. Зертханашының, зертхана маманы жұмысын, зертханалық рәсімдерді жүргізудің, құрал-саймандарды, аппаратуралар мен жабдықтарды пайдаланудың, реактивтерді ұтымды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды, әдістемелік көмек көрсетеді.
5. Қолда бар стационарлық және жылжымалы радио және дозиметрлік аппаратураның жай-күйіне бақылау жүргізеді, қарапайым жөндеу, градуирлеу және эталондау жүргізеді.
6. Зертханалық радиологиялық зерттеулердің сапасын зертханаішілік және сыртқы бақылауды жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
7. Белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық және өзге де құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді.
8. Жылдық және жартыжылдық жұмыс жоспарларын жасауға қатысады.
9. Радиологиялық зерттеу әдістері және олардың нәтижелерін бағалау бойынша семинарларға, радиациялық гигиена саласындағы филиал мамандарын өндірістен қол үзбей оқытуға қатысады.
10. Белгіленген нысан бойынша атқарылған жұмыс туралы есептер жасайды.
11. Өз жұмысының нәтижелерін талдайды.
12. Қолданылатын химиялық реактивтердің, ерітінділердің сапасын тексереді.
13. Химиялық реактивтердің, шығыс материалдарының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді және есептен шығарады, олардың жарамдылық мерзімін қадағалайды.
14. Мамандығы бойынша өзінің білімін жүйелі түрде арттырады.
15. Радиациялық гигиена бөлімі бойынша филиалдың зертханаларының жұмысына бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Практикалық көмек көрсетеді.
16. Бөлімдерінің қызметкерлерімен, басқа да адамдармен зертханаға сынама алу және жеткізу жөнінде жүйелі түрде нұсқама жүргізеді.
17. Зертханада жұмыс істеу кезінде ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін, филиалда белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтайды.
18. Директордың, директор орынбасарының, филиал зертханасы меңгерушісінің нұсқауы бойынша объектіде шұғыл радиологиялық зерттеулер, дозиметриялық және радиометриялық өлшеулер жүргізу үшін дереу жұмыс орнына келеді.
19. Медициналық этика және жалпы моральдық-этикалық нормалар талаптарын сақтайды.
20. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 25 ақпан сағат 17.30.
Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.