Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қарағанды облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Абай аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зерханашысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурсты жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Абай аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зерханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Дәрігердің, маманның басшылығымен және жеке өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес уақтылы және білікті бактериологиялық, паразитологиялық зерттеулер жүргізеді:
2. Зертханашыға жүктелген барлық қызметтік міндеттерін қатаң орындайды.
3. Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізу үшін зертханалық аппаратураны, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік ортаны, бояу және дезинфекциялау ерітінділерін дайындайды.
4. Сынамаларды іріктеуге қатысады, материалды сақталуын қадағалап және зертханаға жеткізеді. Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жедел бөлімдерінің, емдеу-профилактикалық мекемелерінің мамандары жеткізетін материалдарды қабылдайды, ілеспе құжаттарды тексереді, сынамаларды тіркеу журналына тіркейді, жеткізілген үлгілерді таңбалауды жүргізеді, бөлінген дақылдарды бастапқы себуді және қайта себуді орындайды.
5. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалды тіркейді, оның қаптамасының және жеткізу уақытының нормативтік талаптарға сәйкестігін тексереді.
6. Келіп түскен материалдың жарамдылығын, ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін тексеруді жүзеге асырады.
7. Қоректік ортаны, бактериологиялық препараттарды, химиялық реактивтерді, дәкені, мақтаны, жуу және дезинфекциялау құралдарын үнемді жұмсайды.
8. Пайдаланылған материалды залалсыздандыруды жүргізеді.
9. Термостаттар мен тоңазытқыштардың температуралық режимін журналда міндетті түрде тіркей отырып бақылайды.
10. Зертхананың дәрігерлерімен және мамандарымен бірлесіп облыстың зертханалық қызметінің жұмысы туралы есеп жасауға қатысады.
11. Зертханада жұмыс істеу кезінде ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік ережелерін, филиалда белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтайды.
12. Шұғыл жаппай зерттеулер жүргізу үшін бөлімшенің зертхана меңгерушісінің нұсқауы бойынша дереу жұмыс орнына жетеді.
13. Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп жұқпалы аурулардың тұтануына шығады, зерттеу жүргізу үшiн материал жинауды және себудi ұйымдастырады.
14. Кестеге сәйкес Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп емдеу-алдын алу мекемелерін тексеруді жүргізеді.
15. Мамандығы бойынша өз білімін жүйелі түрде арттырады және жетілдіреді.
16. Қоректік ортаның сапасын зарарсыздығына, биохимиялық қасиеттеріне тексереді.
17. Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жедел бөлімдерінің қызметкерлерімен, емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлерімен зертханаға сынама алу және жеткізу бойынша нұсқама жүргізеді.
18. Диагностикалық препараттардың, сарысулардың, химиялық реактивтердің есебін жүргізеді, олардың жарамдылық мерзімін қадағалайды.
19. Санитарлардың жұмысын бақылайды, оларды ыдысты өңдеу ережелеріне үйретеді.
20. Медициналық этиканың және жалпы моральдық-этикалық нормалардың, ішкі тәртіп ережелерінің және зертханадағы еңбек тәртібінің талаптарын сақтайды.
21. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 26 ақпан, сағат 17.30-да.
Анықтама телефоны: 8(7212) 505716, 87770060558