Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының биоқауіпсіздік бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының биоқауіпсіздік бойынша маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар, тиісті мамандық бойынша сертификаттау курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
2. Күнделікті кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезеңінде биологиялық қауіпсіздік және биоқорғаныс саласында мамандандырылған көмек көрсетеді.
3. Персоналға биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша нұсқама және оқыту жүргізеді, оларды өзге ұйымдарда оқытуды жүргізу қажеттілігін айқындайды.
4. Медициналық зертханаларға тәуекелдер тізілімін сәйкестендіреді, әзірлейді, енгізеді, биоқауіпсіздік бойынша талаптарды жақсартады және насихаттайды.
5. Патогенді биологиялық агенттері бар биологиялық материалдарды, сондай-ақ зертханаларда пайдаланылатын және/немесе сақталатын токсиндерді, химиялық реагенттерді түгендеуге қатысады.
6. Биологиялық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді, бағдарламаның орындалуына кеңес береді және бақылайды.
7. Жабдықты енгізу және пайдалану кезінде биоқауіпсіздікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, биоқауіпсіздік контекстінде Жабдықтың техникалық ерекшелігін дайындау кезінде кеңес беруді жүзеге асырады, микробиологиялық жұмыстың тиісті әдістері мен рәсімдерінің орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), 060000, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 02 наурыз, сағат 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7122) 322336