Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының Маркетинг және коммерциялық қызметі бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Маркетинг және коммерциялық қызметі бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Маркетинг және коммерциялық қызметі бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары экономикалық білім, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім немесе маркетинг саласындағы қосымша мамандандырылған, басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Филиал туралы ережені, Филиалдың ішкі құрылымын білу.

Лауазымдық міндеттері: Филиалдың маркетингтік саясатын әзірлеу; Жарнамалық жоспар; жарнама қызметінің тиімділігін талдау; тұтыну нарығына талдау жүргізу; маркетингтік қызметке қатысты ақпаратты жинау және талдау бойынша барлық бөлімдер мен зертханалардың қызметін үйлестіру; клиенттерді шарттар жасасуға тарту бойынша жұмыстарды жүргізу; бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және Кәсіпорынның Прейскурантты өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу және т.б.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 кабинет 414 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 ж. 02 наурыз 17-00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72