Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) сапа менеджментті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына стандарттау, метрология саласындағы жоғары білімі не медициналық білімі, ұқсас лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Аккредиттеу бойыгнша материалдар дайындау.
2. Сапа менеджменті жүйесі құжаттары мен рәсімдерін ресімдейді, өзектілендіреді.
3. Құжаттаманы және есепті жүргізеді.
4. Ішкі аудитті жүргізуге қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 11 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61