Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) сапа менеджментті жүйесі бойынша секторының биоқауіпсіздік бойынша маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының биоқауіпсіздік жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар, тиісті мамандығы бойынша сертификаттық курстан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Қызметтік міндеттері:
1. Қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
2. Күнделікті, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезеңінде биологиялық қауіпсіздік және биоқорғану саласында мамандандырылған көмекті қамтамасыз етеді.
3. Персоналға биоқауіпсіздік және биоқорғану мәселелері бойынша нұсқама және оқыту жүргізеді, оларды басқа ұйымдарда оқытуды жүргізу қажеттілігін айқындайды.
4. Тәуекелдер тізілімін сәйкестендіреді, әзірлейді, медициналық зертханаларға енгізеді, биоқауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты нормативтік талаптарға сәйкес жақсартады және насихаттайды.
5. Авариялар/оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тергеп-тексеруге қатысады, биотәуекелдер бойынша алдын алу және түзету іс-шараларын әзірлейді, ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа мониторингті жүзеге асырады, еңбек қызметіне байланысты сырқаттанушылық тіркелген жағдайда ішкі қызметтік тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
6. Медициналық зертханаларда патогендермен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды бақылайды.
7. Жабдықты енгізу және пайдалану кезінде биоқауіпсіздікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, биоқауіпсіздік мәнмәтінінде жабдықтың техникалық ерекшелігін дайындау кезінде консультация беруді жүзеге асырады, микробиологиялық жұмыстың тиісті әдістері мен рәсімдерінің орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 11 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61