Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджер бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйін, оны қалыптастыратын факторларды, филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді жинау және талдау жүйесінің жұмысына қатысады.
2. Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізудің дұрыс жүргізілуін, құжаттардың мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.
3. Филиалдың облыстық алқаларын, өндірістік кеңестерді дайындау мен өткізудің техникалық жағын ұйымдастыруға қатысады.
4. Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде жоспарлау, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша филиалдардың жұмысына қатысады.
5. Есептерді, ақпараттық бюллетеньдерді, анықтамаларды, облыстың зертханалық қызметінің және филиал бөлімдерінің жұмыс қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады.
6. Облыстық санэпидсараптау орталығы мен оның филиалдарының қызметін аттестаттау мен лицензиялауды жүргізуге қатысады.
7. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлеріне өз құзыретінің мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.
8. Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын жасауға қатысады, филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің жылдық жұмыс жоспарларын келісуге қатысады.
9. Жеке жұмыс жоспарын жасайды.
10. Міндетті түрде хаттама жүргізе отырып, бөлімде күнделікті, апта сайынғы жедел, ай сайынғы қорытынды өндірістік кеңестерді өткізуге қатысады.
11. Бөлімде бақылауда тұрған құжаттарды уақытылы орындайды, орындау тәртібін сақтайды.
12. Бөлімнен шығатын талдау материалдары мен басқа да құжаттарды дайындауға және ұсынуға қатысады.
13. Филиалдың мемлекеттік тапсырысы көлемінің орындалуын қамтамасыз ету мониторингі бойынша апта сайынғы деректерді жинауды және жинақтауды жүзеге асырады.
14. Филиалдың бақылау ақпараттарын жинау, өңдеу кезінде қатысады.
15. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және биоқорғаныс пен биоқауіпсіздік жүйелерін сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61