Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік;

не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жоғары немесе бірінші біліктілік санатының (болған жағдайда) немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 6 жыл жұмыс өтілінің болуы;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;

бейіні бойынша тиісті зертханада кемінде 3 жыл бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелерінің айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жұмыс жоспарларының орындалуы туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады.

2. Филиалдың Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-гигиеналық зертханалары бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерін жасайды және оларға талдау жүргізеді.

3. Филиалдың санитарлық-гигиеналық зертханаларын химиялық реактивтермен, зертханалық жабдықтармен және химиялық ыдыстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жұмыс журналдары мен электрондық бағдарламаларда жазбалардың жүргізілуін бақылайды.

4. Стандарттау және метрология бойынша жұмысты ұйымдастырады.

5. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелеріне әдістемелік басшылықты ұйымдастырады.

6. Зертханалық зерттеулердің жаңа әдістерін, жаңа зертханалық жабдықтарды игеруді, енгізуді ұйымдастырады.

7. Зертханаішілік бақылауды, сапаға сыртқы бағалауды, зертханааралық салыстыру сынақтарын дұрыс жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды.

8. Санитариялық-гигиеналық зертхананың меңгерушісі Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

9. Зертхана қызметінің перспективалық бағыттарын анықтайды, жұмыс жоспарларын жасайды.

10. Зертхананың әрбір қызметкерінің нормативтік жүктемені орындауын, функционалдық міндеттерді орындауын бақылайды және қамтамасыз етеді, зертхана қызметкерлерінің еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз етеді.

11. Мемлекеттік тапсырыс көлемін ҚР ДСМ СЭБК ШҚО СЭБД және ҚР ДСМ СЭБК Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы СЭББ -мен келіседі.

12. Химиялық реактивтерді, зертханалық жабдықтарды, аспаптарды, химиялық және зертханалық ыдыстарды және т.б. сатып алуға өтінімдер жасайды.

13. Зертхананың іс жүргізуіне бақылау жүргізеді.

14. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және зертхананың регламенттелген жұмыс режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты басқарады.

15. Санитариялық-гигиеналық зертхана бойынша зертханалық зерттеулер мен ақпараттардың дұрыс, сапалы және уақтылы ұсынылуын ұйымдастырады, бақылайды және қамтамасыз етеді.

16. Санитариялық-гигиеналық зертхананың қызметін аттестаттау, аккредиттеу, лицензиялау бойынша ұйымдастырады және қатысады.

17. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61