Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Филиалдың аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Қызметтік міндеттері:
1. Биологиялық, генетикалық, бактериологиялық зерттеулер жүргізу, серологиялық реакциялар қою әдістерін меңгерген.
2. Материалдарды қоректік ортаға себуді, қайта себуді жүргізеді, микроорганизмдердің биохимиялық, морфологиялық қасиеттерін, иммундық сарысулармен аглютинабельділігін зерделейді, фаготиптеуді жүргізеді.
3. Қоректік ортаға сандық және сапалық бақылау жүргізеді, калий теллуритінің ингибиторлық дозаларын анықтайды.
4. Зертханаішілік бақылау жүргізеді: зертханалық ыдыстың зарарсыздығын, бокстардың ауасының зарарсыздығын, персоналдың санитариялық-гигиеналық режимді сақтауын (ҚБГҚ шайындыларын), автоклавтардың, құрғақ ыстық шкафтардың жұмысын бақылауды.
5. Бағдарламалық белгілеудің бірыңғай кешені бағдарламасында жұмыс жүргізеді, тіркеу журналдарын және жұмыс журналдарын толтырады, талдау хаттамаларын жазады.
6. Айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасауға, АҚИ диагностикасы жөніндегі зертханалардың қызметіне талдау дайындауға, алқада материал дайындауға қатысады.
7. АҚИ бөлімінің дәрігерлерімен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін эпид.ошақтарға барады.
8. Аумақтық орталықтардың зертханаларына, АҚИ диагностикасы бойынша емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.
9. Ұйымның биологиялық қауіпсіздік бағдарламасының орындалуын ұйым басшылығымен және ұйым бөлімдерімен бірлесіп бақылайды.
10. Ұйымның стандарттарын және биологиялық қауіпсіздік талаптарын және оларды сақтау мен қолдау жөніндегі шараларды регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды персоналдың сақтауын жүзеге асырады.
11. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
12. Ақпараттың құпиялылығын, медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтайды.
13. Лауазымдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша зертхана меңгерушісінің тапсырмаларын орындайды.
14. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61