Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) санитариялық-гигиеналық зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады..
Қызметтік міндеттері:
1. Нормативтік құжаттарда белгіленген мерзімде зертханалық сынақтарды орындайды, жүргізілген сынақтардың нәтижелеріндегі деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
2. Зертханалық жабдықтың жарамды күйін қадағалайды (оны тексеруді және баптауды жүзеге асырады), зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, ерітінділерді және химиялық ыдыстарды дайындайды.
3. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, әдістемелік құжаттарға сәйкес зерттеу нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді.
4. Зерттеулердің жаңа технологиялары мен әдістері бойынша мониторинг жүргізеді. Кейіннен аккредиттеу саласына енгізе отырып, жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер әдістемесін игереді және енгізеді.
5. Зерттеулердің сапалы, дұрыс жүргізілуін және зерттеу нәтижелерін беру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
6. Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сынама даярлаудың сапалы жүргізілуін бақылайды.
7. Зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, сапаны сыртқы бағалауға қатысады.
8. «Қазақстан Республикасының зертханаларында зерттеулердің (өлшеулердің) сапасын зертханаішілік бақылауды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 59-од бұйрығына сәйкес дәлдікті зертханаішілік бақылауды жүргізеді.
9. Деректерді тіркеу журналдары мен техникалық жазбалар журналдарында уақтылы тіркеуді жүргізеді.
10. Зерттеулер жүргізу, сынама даярлау бойынша оқытуды жүргізеді және зертханашылардың жұмысына бақылау жүргізеді.
11. Санитарларды зертханалық ыдыстарды жуу, кептіру ережелеріне үйретеді.
12. Жүргізілген сынақтар бойынша валидация, белгісіздік есебін (сұрау бойынша) жүргізеді.
13 Қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын сатып алуға өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді жасауға қатысады.
14. Осы әдістің талаптарына сәйкес зерттеудің жаңа әдісін игеру үшін қажетті жабдықтар мен шығыс материалдарын іріктеуге қатысады.
15. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
16. Ақпараттың құпиялылығын, медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтайды.
17. Лауазымдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша зертхана меңгерушісінің тапсырмаларын орындайды.
18. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61