Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалының (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының мемелекеттік сатып алу жөніндегі маманның бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары білімі – заң (магистратура, бакалавр) немесе экономикалық (магистратура, бакалавр) және 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері.

1) Конкурс (ашық конкурс, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс, Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс, Бір көзден баға ұсыныстарын сұрату) тәсілімен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады:

  • кезекті қаржы (бюджеттік) жылына сатып алу бойынша жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеуге қатысу және бекітуге дайындау;
  • Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру веб-порталында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде әзірлеу;
  • конкурсқа қатысуға өтінімді қарау және конкурстық комиссияға дайындалған құжаттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына қатысу, сатып алуға қатысушыларға (өнім берушілерге) қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер дайындау, конкурсқа қатысушыны айқындау, конкурстық парақты ресімдеу;
  • өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару бойынша жұмысты үйлестіру:
  • конкурс тәсілімен өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамада белгіленген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
  • конкурстар бойынша шарттарға қол қоюды, мерзімдерді сақтауды үйлестіру;
  • шарт жасасу кезінде қажетті құжаттарды дайындау, көзделген заңды жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізу;
  • тапсырыс берушілердің, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы (тауарларды қабылдау-беру актісі немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актісі), мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер, Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар бойынша мәліметтер енгізу;
  • Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша деректерді 1С Консалидация бағдарламасына енгізу;
  • сатып алу рәсімдерін өткізуге байланысты келіспеушіліктерді шешуге қатысады.

2) орындалмағанын немесе тиісінше орындалмағанын көрсететін мемлекеттік сатып алу порталында орындаушыларды/мердігерлерді анықтайды және материалдарды сотқа талап қою үшін филиалдың заңгеріне береді.

3) белгіленген есептілікті жасайды.

4) еңбек тәртібі мен еңбек тәртібі қағидаларын сақтауға міндетті.

5) лауазымдық міндеттерге кіретін мәселелер бойынша филиал директорының тапсырмаларын орындауға міндетті.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 26 наурыз сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.