Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының Байғанин аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – Филиал) Байғанин аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың Байғанин аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Материалды іріктеу, сақтау және зертханаға жеткізу, оның түсуін реттейді, бөлінген дақылдарды бастапқы себуді және қайта себуді орындайды.

2. Сынаманы зерттеуге қабылдау және тіркеу.

3. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысу.

4. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізу.

5. Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылау.

6. Зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізуге жабдықтар дайындау.

7. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау.

8. Патогенді микроорганизмдерді клиникалық материалдан және сыртқы орта компоненттерінен (микробиологиялық зертханалар үшін) оқшаулау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу.

9. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға және олардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамауға міндеттенеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, 47/1 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7132) 50-79-79.