Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жаңақала, Бөрлі аудандық бөлімшелерінің дезинфекция секторының нұсқаушы-дезинфекторы бос лауазымдарына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Жаңақала, Бөрлі аудандық бөлімшелерінің дезинфекция секторының нұсқаушы-дезинфекторы бос лауазымдарына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1. Белгіленген залалсыздандыру әдістерін қолдана отырып, жұқпалы аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекцияны сапалы орындау;
2. Дезинфектордың жұмысын бақылау;
3. қолы қойылған түбіртек бере отырып жұқпалы аурулар ошақтарынан заттарды дезинфекциялық камерада өңдеу үшін жіберу;
4. Өлшеу аспаптарының электрлік дезинфекциялық камералардың метрологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
5. Дезинфекциялық жабдықтың жай-күйін және жөнделуін бақылауды жүзеге асыру, дезинфекциялық аппаратураны (автомакс) ұсақ, ағымдағы жөндеуді жүргізу;
6. Мамандық бойынша өз білімдерін жүйелі түрде арттыру және жетілдіру;
7. Дезинфекцияның барлық түрлерін орындауға арналған құжаттаманы сапалы толтыру;
8. Арнайы киімді, дез. төсеу және басқа да жеке профилактика құралдарын ұқыпты пайдалану;
9. Жуу және дезинфекциялау құралдарын үнемді жұмсау;
10. Медициналық этика талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, еңбек тәртібін қатаң сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Орал қаласы, Д. Нүрпейсова көшесі, 19 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 01 сәуір, сағат 17.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7112) 51-00-61; 51-21-11; 8 702 947 79 19