Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыру және методологиялық қызмет көрсету бойынша менеджері бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) санитариялық – эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің ұйымдастыру және методологиялық қызмет көрсету бойынша менеджері бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиалдың қызметінің міндеті - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиалдың қызметінің мақсаты- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Санитариялық – эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің ұйымдастыру және методологиялық қызмет көрсету бойынша менеджері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары медициналык білім (санитариялық-эпидемиологиялық/медико-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тиісті мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру куәлігі және мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Мемлекеттік зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

2) Филиал бөлімшелерінің есептік деректерді орындауының дұрыстығын жинақтау және бақылау;

3) зертханалар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдау және бағалау, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың орындалуын ай сайынғы талдау;

4) филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

5) филиал зертханасында сыртқы орта объектілерінен сынамаларды жеткізудің жылдық жоспар-кестесінің орындалуын талдау және бағалау;

6) зерттеулер мен ақылы қызметтер Тарификаторы бөлінісінде филиалдың бір жылға арналған мемлекеттік тапсырысы бойынша зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялық қызметтер көлемінің жоспарының орындалуын талдау және бағалау;

7) зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары тұрған және мүдделі ведомстволарға талдамалық анықтамалар, Ақпарат, жауаптар дайындау;

8) зертханалық іс бойынша филиал бөлімшелерінің қызметіне жыл сайын, тоқсан сайын және ай сайын талдау жүргізу, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

9) "зертханалық зерттеу жүйесі" және "бірыңғай ақпараттық портал" бірыңғай кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету (БЖТ) бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жинағын жүзеге асыру;

10) ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментімен бірлесіп зертханалық зерттеулерге, аспаптық өлшеулерге, Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтерге мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы жоспарын дайындау;

11) құзыреті шеңберінде ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментінің бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қызметті талдау нәтижелерімен алмасу;

12) бөлім бастығымен бірлесіп зертханалық кеңестің отырыстарын, тақырыптық жұмыс кеңестерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

13) атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есепті жасау және филиалдың зертханалары мен бөлімдері бөлінісінде жинақтау;

14) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

15) жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл кезінде биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;

16) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, Кәсіпорынның ақпараттык кауіпсіздік саясатын және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сактау;

17) Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін кұжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: инд. 120008, Қызылорда қаласы, Х.Бектұрғанов көшесі, 10 А .

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 02 сәуір сағат 18.30 дейін.

Анықтама телефоны: 8 (72 42) 23-81-73.