Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның халықаралық ынтымақ жөніндегі маманы бос орын лауазымына

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақ департаментінің халықаралық ынтымақ жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақ департаментінің халықаралық ынтымақ жөніндегі маманына келесі біліктілік талаптары қойылады:

1) білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі): экономикалық, инженерлік-экономикалық, заңгерлік, техникалық, медициналық, гуманитарлық;

2)  білімінің болуы: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де

нормативтік құқықтық актілері, стратегиялық талдау, стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу әдістері саласындағы білім, жүйелі ойлау,үлкен көлемді ақпараттармен талдамалық жұмыс дағдылары, ірі бизнес жұмысының логикасын түсіну, жоғары коммуникативтік дағдылар;

3) Advanced деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білу;

4) басқа тілдерді білу құпталады.

Қызметтік міндеттері:

1)       Кәсіпорынның халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2)       Кәсіпорынның зертханаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

3)       Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

4)       Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, жұмыс топтарының отырыстары мен мәжілістерін дайындауға және өткізуге қатысу;

5)       денсаулық сақтау мәселелері бойынша шетелдік ұйымдармен хат-хабар жүргізу;

6)       Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша әлемдік озық тәжірибені зерттеу;

7)       зертханалық қызметтің ғылыми-техникалық даму және инновациялық қызметтің бөлігінде жаңа құралдар мен бастамаларды әзірлеу және енгізу;

8)       тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға, тәуекелдерді басқару жөніндегі Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес оларға жауап беру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

9)       Департамент туралы ережеден туындайтын басқа да міндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;


2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1)     біліктілік бағасы;

2)     тестілеу;

3)     сұхбаттасу өткізу;

4)     конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 26 мамыр сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.