Туған күні: 21.08.1974
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы
Тілдерді меңгеруі:
· Қазақ тілі, орыс тілі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
· Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мамандығы: «Гигиенист-эпидемиолог дәрігер»
· «Фемида» заң институты, Қарағанды қаласы
Мамандығы: «Құқықтану»
Еңбек өтілі:
· 1997–2001 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бойынша санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі;
· 2001–2009 жж. — Ақмола облысы Көкшетау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі, санитариялық дәрігер, санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы;
· 2009–2014 жж. — Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаментіндегі коммуналдық нысандарға санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы;
· 2014–2015 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бөлімінің басшысы;
· 2015–2019 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;
· 2019–2025 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.