Loader icon загрузка
Международное сотрудничество

Международное сотрудничество

2017 жылғы 17-22 шілде аралығында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры К.О. Балықбаев Швейцарияның Женева қаласындағы Алиментариус Кодексінің 40 комиссиясына  қатысты.

Комиссия отырысына 187 мемлекеттен 731 делегат қатысқан.

Аталған сессияда Қазақстан Еуропа аймағындағы Алиментариус Кодексінің Үйлестіру комитетінің төрағасы болып жарияланған.

Қазақстан Республикасының Комиссияға төрағалығы Қазақстанға ғаламдық экономикаға кірігуге және стандарттарды сақтау бойынша нормалар мен ережелерді сақтаудағы рөлін арттыруға, халық денсаулығын қорғау және адал ниетті сауданы жүзеге асыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Кодекс жұмысына әрі қарай белсене қатысу және мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарды үйлестіру үшін ҰСО базасында Кеңсе құру ұсынылады.