Қазақстан Республикасы 2017-2022 жылдары "Кодекс Алиментариус" Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ үйлестіру комитетінің (бұдан әрі - CCEURO) төрағасы болды. CCEURO құрамына 52 мүше кіреді – 51 ел және мүше ұйым-Еуропалық Одақ.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК базасында CCEURO Төрағасы мен Хатшылығының міндеттерін атқарғу үшін Кодекс Алиментариус тобы құрылды.
Қазақстанның негізгі миссиясы посткеңестік елдерін Кодекс жұмысында шоғырландыру, "Кодекс Алиментариус" Комиссиясы шеңберінде Еуропалық өңірдің әлеуетін арттыру, мүдделерін ілгерілету болды.
Қазақстанның төрағалығымен CCEURO 30, 31 және 32 сессиялары өткізілді.
ФАО және ДДҰ-ның өңірлік бюроларымен, Орталық Азия бойынша субөңірлік Халықаралық эпизоотиялық бюронің өкілдігімен ынтымақтастық жолға қойылды және белсенді түрде жалғасуда.
Ұлттық сараптама орталығы халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтасады:
|
ДДҰ-мен ынтымақтастық 2020 жылдан бастап зертхана мамандары ДДҰ бағдарламалары - "Сапа менеджменті жүйесі, тамақ қауіпсіздігі, бактериология, микробқа қарсы төзімділік" және басқа да өзекті тақырыптар бойынша үнемі оқытылады. Сондай-ақ, ынтымақтастық ДДҰ-ның GLLP мамандандырылған бағдарламасы (зертхана басшыларына арналған Жаһандық бағдарлама) шеңберінде және жұқпалы заттарды тасымалдау, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және басқа да өзекті тақырыптар бойынша халықаралық ережелер тақырыбы бойынша жүзеге асырылады. |
|
CDC-мен ынтымақтастық 2021 жылдың қазан айында "Қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің, әлеуеті мен қауіпсіздігінің әсерін құру және күшейту" гранттық жобасы аясында халықаралық деңгейде танылған сарапшылардың қатысуымен биоқауіпсіздік, сапа менеджменті жүйесін енгізу, микробқа қарсы төзімділік және басқа да өзекті мәселелер бойынша тренингтер мен семинарлар өткізілді.
2021 жылы Кәсіпорынның вирусологиялық зертханасы ПТР зерттеулерін автоматтандыру үшін зертханалық өлшеу құралдарымен жабдықталды.
CDC қолдауымен ҰЭО-ның 16 филиалының барлық медициналық зертханалары қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің ресми танылуына және ҚР СТ ISO 15189-2015 бойынша аккредиттеу аттестаттарына ие болды, олар тұтынушыларды зертханалық қызметтер көрсету кезінде жоғары дәлдіктегі зерттеулермен қамтамасыз етуді, сондай-ақ олардың нәтижелерінің дұрыстығын куәландырады.
|
|
Rikilt-пен ынтымақтастық (Нидерланды Корольдігі) Тамақ қауіпсіздігі және қоршаған орта саласында Кәсіпорын Нидерландының Rikilt азық-түлік және тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігі агенттігімен (Wageningen Food Safety Research) ынтымақтасады. Кәсіпорын қызметкерлері Rikilt агентігінің базасында біліктілігін арттырды, 2019 жылы Rikilt мамандары Кәсіпорынның Астана қаласы бойынша филиалында оқытуды ұйымдастырды. |
AID Genomics (Израиль)компаниясымен ынтымақтастық
2021 жылы Кәсіпорын мен Израильдің молекулалық диагностиканы зерттейтін және қатерлі ісік пен жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеуге маманданған AID Genomics компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында Кәсіпорын филиалының базасында COVID-19 диагностикасы бойынша зертханалық қуатты арттыру, зертханалық зерттеу уақытын қысқарту және нәтижелердің сенімділік деңгейін арттыру мақсатында жаңа зертханалық кешен орнатылды.
BIOR мемлекеттік ғылыми институтымен ынтымақтастық (Латвия)
2021 жылы Кәсіпорынның ЕАЭО техникалық регламенттерін толық қамту жөніндегі нысаналы міндеттерін орындау шеңберінде 2025 жылға қарай BIOR Латвияның азық-түлік қауіпсіздігі, жануарлар денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау институтымен өзара қарым-қатынастар туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл институттың тамақ қауіпсіздігін зерттеуде көп жылдық тәжірибесі бар және Еуропалық тамақ қауіпсіздігі агенттігінің (EFSA) үйлестіру орталығы болып табылады. Осы меморандум шеңберінде Кәсіпорынның қажеттіліктеріне сәйкес мамандандырылған консультативтік және оқыту іс-шаралары жоспарлануда. Сондай-ақ, қоршаған ортаны зерттеу саласында ғылыми ынтымақтастық дамитын болады.
Шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық
Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы оқиғаларды анықтауда, бағалауда, ден қоюда, хабарлаудың және мониторингтің барлық негізгі процестерінде жоғары сапалы зертханалық диагностиканың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін зертханаларды нығайту мақсатында Кәсіпорын келесі шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп жұмыс жасайды:
«Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты» Федералды бюджеттік ғылыми мекемесі (жоғары тиімді сұйық хроматография, микробқа қарсы төзімділік және т. б. бойынша санитарлық-гигиеналық зертханалардың мамандарын оқыту);
Л. В. Громашевский атындағы Эпидемиология және жұқпалы аурулар институты (Украина, МҒА);
Беларусь ҰҒА генетика және цитология институты (Минск қ., Беларусь);
Ұлттық денсаулық, қоршаған орта және азық-түлік зертханасы (Любляна қ., Словения);
«Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы» Федералды бюджеттік ғылым мекемесі;
Роспотребнадзордың «Гигиена және эпидемиология федералды орталығы» Федералды бюджеттік Денсаулық сақтау мекемесі (тамақ өнімдерінде, бактериологияда және басқа тақырыптарда қалдық антибиотиктерді оқыту).
Тамақ қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық