Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша филиал қызметкерлеріне арналған семинар Астана қаласында өтті
30.04.2025
Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруға жауапты филиал қызметкерлері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды. Іс-шара Астана қаласындағы «Зерде» оқу орталығының ғимаратында өтті.
Семинар тақырыбы:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс. Ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау»
Спикерлер:
- Айдарханов А.Д. – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру басқармасының офицері, аға лейтенант;
- Айпара Адибай – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша практик-эксперт, ISO37001 сертификатталған жетекші аудитор, комплаенс және іскери этика қауымдастығының мүшесі;
- Ерлаз Жайық – мемлекеттік сатып алулар бойынша сарапшы.
Семинар аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- комплаенс тәуекелдері, халықаралық талаптар мен үздік тәжірибелер;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңындағы талаптар;
- мүдделер қақтығысы және оны реттеу тәртібі;
- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық құрамдары және санкциялар;
- пара дегеніміз не және оны болдырмау шаралары;
- антикоррупциялық мониторингтің негізгі қағидаттары.
Семинардың екінші бөлімінде ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау тақырыбы қамтылды:
- жұмыс тобы мен бұйрықтық құжаттарды қалыптастыру;
- деректерді жинау және талдау;
- тәуекел деңгейін бағалау әдістері және тәуекел картасын құру;
- нақты ұсыныстар әзірлеу және іс-қимыл жоспарларын дайындау;
- ұсыныстардың орындалуын бақылау және тиімділігін бағалау.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін тиімді құруға қажетті білім мен тәжірибе алды. Оқыту аяқталған соң, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.