Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Жетісу облысындағы Ұлттық сараптама орталығының мерейтойы
Юбилей Национального центра экспертизы в области Жетiсу 29.05.2025

2025 жылы Ұлттық сараптама орталығы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы 10 жылдық жемісті еңбегін атап өтуде. Осы айтулы оқиға аясында Жетісу облысындағы филиалда салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй мен жетістіктерге деген құрмет атмосферасы орнады.

Іс-шараға денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс және бизнес салаларының өкілдері қатысты. Олар орталықтың жоғары кәсібилігін және халық денсаулығын қорғаудағы елеулі үлесін атап өтті.

Ұйымдастырылған көрмеде орталықтың негізгі жетістіктері таныстырылып, заманауи зертханаларға экскурсия өткізілді. Қонақтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің даму тарихымен және филиалдың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Салтанатты сөз сөйлеген Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев үздік қызметкерлерді департамент атынан және облыс әкімінің орынбасары атынан құрмет грамоталарымен марапаттады.

Құттықтау сөздерімен:

  • Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Гүлнар Жүнісова;
  • Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Гүлниса Тұлымшақова;
  • Талдықорған қалалық обаға қарсы станциясының директоры Ермек Асымқұлов;
  • Қорғаныс министрлігі Талдықорған қалалық әскери басқармасының бастығы, капитан Шерхан Ғалымұлы;
  • Әскери госпитальдың басшысы, медицина қызметінің полковнигі Самат Бердіғалиев сөз сөйледі.
Жетісу облысындағы филиал тұрақты нәтижелер көрсетуде: зертханаларда күн сайын 2500-ге дейін зерттеу жүргізіледі, инфекциялар мен тасымалдаушылардан дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail