22.07.2025
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қалалары мен облыстарында шамамен 2,9 млн. зерттеу мен өлшеу жүргізілді. Сонымен қатар, 9 845 індет ошағында залалсыздандыру жұмыстары жасалды. Бұл – жұқпалы ауру ошақтарында, оның ішінде үй жағдайындағы және ұйымдасқан ошақтарда қорытынды дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді білдіреді.
Ұлттық сараптама орталығы аймақтық филиалдар зертханаларын халықаралық сапа стандарттарына сәйкестікке келтіру бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруда. Бұл шаралар Ұлттық сараптама орталығы зертханалық желісінің әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі болып табылады.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында филиалдар зертханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 175 зертханалық жабдық сатып алынды. Олардың қатарында жоғары дәлдіктегі және зертханалық-аспаптық бағыттағы жабдықтар бар. Жыл соңына дейін облыстық, қалалық және ауылдық зертханалар үшін қосымша 200-ден астам жабдық сатып алу жоспарлануда.
ҰСО зертханалары ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкестік бойынша аккредиттелген және ILAC-MRA Біріккен зертханалық белгісін қолдану құқығына ие. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша осы стандартқа сәйкес 18 облыстық, 14 қалалық және 67 аудандық филиал бөлімшелері аккредиттелді. Зертханаларды халықаралық сапа стандарттарына сәйкестікке келтіру жұмыстары жалғасуда.
Зертхана нысандарын жаңғырту аясында, жартыжылдық қорытындысы бойынша 9 зертханада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы 18 зертханада жөндеу жұмыстары екінші жартыжылдықта аяқталады.
Сондай-ақ, ҰСО филиалдар желісінің автопаркін жаңарту жұмыстары жалғастырылуда. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 21 автокөлік сатып алынды. Жаңа көліктер біздің мамандардың техникалық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Қызметтің үздіксіз жетілдірілуі мен дамуының арқасында өңірлердегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын және денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуде.