Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қазақстан түйе сүтіне арналған халықаралық стандарт әзірлеуді қолдады

Казахстан поддержал разработку международного стандарта на верблюжье молоко 11.11.2025

2025 жылғы 10–11 қараша аралығында өткен «Кодекс Алиментариус» комиссиясының 48-сессиясы аясында Қазақстан делегациясы азық-түлік өнімдерінің халықаралық стандарттарын жетілдіру бағыттарын талқылауға белсене қатысты. Делегацияға Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы Ерлан Киясов жетекшілік етті.

Қазақстанннан қатысқан делегация құрамында Кодекс Алиментариус құрылымының ұлттық үйлестірушісі Н.М. Қарсыбекова, Кодекс бойынша байланыс тұлғасы Ж.Т. Толыспаева және ұлттық сарапшы, профессор Г.С. Қонысбаева болды. Профессор Қонысбаева жобаға қатысты бірқатар ғылыми-техникалық түсініктемелер ұсынды.

Сессия барысында ерекше назар Біріккен Араб Әмірліктерінің пастерленген түйе сүтіне арналған халықаралық стандарт әзірлеу жөніндегі бастамасына аударылды. Қазақстан делегациясы осы бағытта бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, техникалық мәселелер бойынша сараптамалық пікірлерін білдірді. Қолданыста бар құрғақ сүт пен кілегейге арналған стандартқа (CXS 207-1999) қарамастан, бұл бастама түйе сүті секілді ерекше өнім түріне жеке стандарт әзірлеуді көздейді.

Түйе сүтін өндіретін әрі экспорттайтын елдердің бірі ретінде Қазақстан Комиссияның жаңа стандарты бойынша жұмысты бастау бастамасын нық қолдады.

Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерімен қатар Қазақстанның бұл бастаманы қолдауы түйе сүті стандартының халықаралық деңгейде бекітілуіне маңызды қадам болды.

Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарын жетілдіруге және отандық өнімнің әлемдік нарыққа ілгерілеуіне өз үлесін қосуды жалғастыруда.