Қазақстанда Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді
Всемирная неделя иммунизации пройдет в Казахстане 24.04.2017

Бүкіл әлемде вакцинация инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша Қазақстанда орта есеппен 90-99% балалар егілді.

2017 ж. Вакцинаға қарсы жаһандық әрекет жоспарының (GVAP) жартысы аяқталды. Бұл жоспарды 2012 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында 194 мүше мемлекет мақұлдады және 2020 жылға қарай иммунизацияға жалпы қолжетімділік арқылы вакцинамен басқарылатын аурулардан миллиондаған өлімнің алдын алуға бағытталған.

Иммунизацияға қолжетімділікті кеңейту Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің кілті болып табылады. Жоспарлы иммундау тиімді алғашқы медициналық-санитарлық көмектің және жалпыға бірдей медициналық қамтудың негізі болып табылады, өйткені ол денсаулық сақтау орталығымен ерте жастан байланысты қамтамасыз етеді және әрбір балаға туғаннан бастап салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, иммундау вирустық гепатитпен күресуден бастап микробқа қарсы тұрақтылыққа дейін, жасөспірімдердің денсаулығы үшін платформаны қамтамасыз етуге және босанғанға дейінгі және жаңа туған нәрестелерге күтім көрсету сапасын жақсартуға дейінгі денсаулық сақтаудың басқа да басым мақсаттарына қол жеткізудің іргелі стратегиясы болып табылады.

Иммундау – өмірге қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен күресудің және оларды жоюдың дәлелденген құралы. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, иммундау жыл сайын 2-3 миллион өлімнің алдын алады. Бұл тіпті ең қиын және осал тұрғындардың иммунизацияға қол жеткізуін қамтамасыз ететін дәлелденген стратегиялары бар денсаулық сақтау инвестицияларының ең үнемді түрлерінің бірі.

2017 жылғы Қазақстандағы Дүниежүзілік иммундау апталығы қызметінің негізгі бағыттары: халықтың иммунопрофилактикаға сенімін арттыру, халықты, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы аурулардан қорғау қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары туралы ақпараттандыру. 

http://www.inform.kz/ru/vsemirnaya-nedelya-immunizacii-proydet-v-kazahstane_a3020079