Кәсіпорынның Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы мамандыққа сәйкес сертификатының болуы; "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші санатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.
Қызметтік міндеттері: Зертханалар мен дезинфекциялық бөлімдердің қызметіне басшылық қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады; келесі мәселелерге жетекшілік етеді: 1) зертханалық зерттеулер және адамның тіршілік ету орта факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу; 2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, серологиялық, иммунологиялық, молекулалық-генетикалық, радиологиялық, оның ішінде радиометрия, радиохимия, дозиметрия, токсикологиялық зертханалық зерттеулерді орындау, шу мен дірілді, электромагниттік өрістерді, желдету жүйесі жұмысының тиімділігін және адамның тіршілік ету ортасының басқа факторларды өлшеу; 3) санитарлық-эпидемиологиялық мониторингіне қатысу; 4) инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалауға қатысу; 5) келісімшарт негізінде немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сараптама жүргізуге, сондай-ақ адамның тіршілік ету орта үшін қауіп факторларын жою бойынша жұмыстарына қатысу; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, декреттік топтардың гигиеналық дайындығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізуіне қатысу; 7) Кеден одағының техникалық регламенттерінде көзделген көрсеткіштерді анықтау үшін өнімдерге, тауарларға зертханалық зерттеулерді жүргізу; 8) аспаптық өлшеулерді зертханалық зерттеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету; 9) жұмыс орындарын атестаттау жүргізу; 10) біліктілік сәйкестігін растау облысындағы жұмыстарды орындау (ЗАСЗ - зертханааралық салыстырмалы зерттеулер, ССБ - сыртқы сапаны бағалау); 11) заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сынама алу; 12) биоматериалдардың сынамаларын алу және зертханалық зерттеу. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, ауру және т.б.) оның міндеттерін орындайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 26 тамыз сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.